"Іле ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 62-254 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 25-91 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 мамырда № 6124-05 болып тіркелді

      Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Іле ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 62-254 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5638 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      "2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алматы облысы Іле ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының төрағасы М. Карибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады