Қарасай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 21-4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 маусымда № 6126-05 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Айнабеков

  Қарасай аудандық мәслихаттың 2024 жылғы"04" маусым № 21-4 шешіміне қосымша

Қарасай аудынында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде Қағиданың 2-тармағында көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.

      2. Мемлекеттік қызмет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

      4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 (он) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      5. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб – порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанда құжаттарды ұсыну уақытына қарамастан ағымдағы тоқсанға тағайындалады және көрсетіледі.

      8. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және Қағиданың 2-қосымшасы Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойыншаоның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қарасай ауданында тұрғын үй көмегінкөрсетудің мөлшері мен тәртібінің 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттардыжәне коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған

      құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігіанықталғанда;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсетуүшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердіңҚағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алудыталап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңдыкүшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуғабайланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      11. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісі Қағиданың 19-48- тармақтарына сәйкес есептелінеді.

      12.Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы олар туындаған күннен бастап хабардар етеді.

      Алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән–жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).

      Артық төленген сомаларыерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

      1) бір отбасы мүшесіне – пайдалы алаңы 18 (он сегіз) шаршы метрден кем емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан 30 шаршы метр, бірақ нақтыдан асырмай.

      14. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары тиісті уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.

      15. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтерін қызмет жеткізуші ұсынады.

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) газды тұтыну нормасы: сұйытылған газ орталықтандырылған газбен жабдықталған жағдайда – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек, пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін – отбасына айына 10 килограмм (1 кішкене баллон);

      тағам дайындау үшін 1 адамға тауарлық газ – 10 текше метр;

      тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылытуға тауарлық газ – 7 текше метр;

      2) электр энергиясын тұтыну: нормасы тұтынушыларға айына:

      1 адамға –70 киловатт;

      2 адамға – 140 киловатт;

      3 адамға – 180 киловатт;

      4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін – бір айға 210 киловатт;

      3) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      4) кәріз – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      5) тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару нормасы: жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша;

      6) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына бір рет 4 тонна көмір.

      Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебіне қабылданатын шығыстар коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспайтын, өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.

      17. Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      18. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру Қарасай ауданының бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      19. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі тоқсанның соңғы айының 20-шы күнінен соңына дейін төленеді.

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтіберушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану рәсімі Қағиданың 50-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады