Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
кестеде:
реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-жолдар мынадай мазмұндағы 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 17-1 жолдармен ауыстырылсын:
"
11. | Ювенилдік идиопатикалық артрит жүйелік нұсқа | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,4 мл, 0,4 мл | Динамикалық байқауда тұрған балалар |
12. | Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 200 мг/10 мл, 10 мл | ||
13. | Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 80 мг/4 мл, 4 мл | ||
14. | Тоцилизумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 162 мг/0,9 мл, 0,9 мл | ||
15. | Инфликсимаб, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 100 мг | ||
16. | Голимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/0,5 мл, 0,5 мл | ||
17. | Канакинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 150 мг/мл | ||
17-1. | Анакинра, инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/0,67 мл, алдын ала толтырылған шприцте |
";
реттік нөмірі 68 жол мынадай мазмұндағы 68 және 68-1 жолдармен ауыстырылсын:
"
68. | Бронх демікпесі | Омализумаб, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішпен жиынтықта 150 мг | Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар |
68-1. | Тезепелумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 110 мг/мл |
";
реттік нөмірлері 69, 70, 70-1 жолдар мынадай мазмұндағы 69, 70 жолдармен ауыстырылсын:
"
69. | Бастапқы иммун тапшылықтары | Плазмадан алынған С1 ингибитор - адам эстеразасы, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 ХБ | Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар |
70. | Ланаделумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 300мг/2мл (150мг/мл) |
";
реттік нөмірі 101 жол мынадай мазмұндағы 101 және 101-1 жолдармен ауыстырылсын:
"
101. | Псориаз | Гуселькумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 100 мг/1,0 мл | Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар |
101-1. | Секукинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 150 мг/мл 1 мл |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 104-106 жолдармен толықтырылсын:
"
104. | 1 типті Нейрофиброматоз | Селуметиниб, капсулалар 10 мг, 25 мг | Динамикалық байқауда тұрған балалар |
105. | Оптиконевромиелит (Девик ауруы) | Сатрализумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 120 мг/1 мл | Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар |
106. | Өкпелік бастапқы гипертензия | Селексипаг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 200 мкг, 800 мкг | Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |