Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес, Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсуат ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 - қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ақсуат ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауданы әкімінің м.а | |
Е. Ескендиров |
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 1 қосымша |
Ақсуат ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақсуат ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 2-тармағы, "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 3- тармағы 3-1) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленген.
2 тарау. Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар
2. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
3. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есігі болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған КӨЛІК құралдарына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларына сәйкес келеді, сондай-ақ:
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төртбұрыш айыратын белгімен;
2) сары түсті жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын екі өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы - автобустың жолаушылар салонында);
4) екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильдi);
5) екі жылжуға қарсы тіректермен;
6) авариялық тоқтау белгісімен;
7) колоннада жол жүргенде - автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталуы тиіс.
4. Балаларды тасымалдауға пайдаланылатын автобустарда мыналар болуы тиiс:
1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
5) тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;
6) шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары;
7) жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
5. Автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
6. Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізіледі.
3 тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
7. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
8. Балалардың топтарын көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиіс.
9. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
10. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиіс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
11. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс берушi (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
12. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы білім беру ұйымдарын хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
13. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi. Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.
14. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етілмейді:
1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;
2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.
15. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3) соңғы жылдары еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген жол қозғалысының Ережесін өрескел бұзбаған.
16. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
17. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
18. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
19. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
4 тарау. Қорытынды ережелер
20. Ақсуат ауданындағы шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білімі беру мектептеріне тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 2 қосымша |
"Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қожагелді батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Екпін ауылында тұратын балаларды тасымалдау схемасы.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 3 қосымша |
Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ю.Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Училище, Шыбынды, Алпыс жылдық елді мекендерде тұратын балаларды тасымалдау схемасы.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 4 қосымша |
"Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Көкжыра ауылында тұратын балаларды тасымалдау схемасы.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 5 қосымша |
"Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Би Боранбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, Шал қажы, Шәкі Би ауылдарында тұратын балаларды тасымалдау схемасы.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 6 қосымша |
"Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "С.Сейфуллин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бесшатыр елді мекенінде тұратын балаларды тасымалдау схемасы.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 7 қосымша |
"Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алғабас елді мекенінде тұратын балаларды тасымалдау схемасы.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 8 қосымша |
"Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ы.Кабеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Аққала елді мекенінде тұратын балаларды тасымалдау схемасы.
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 449 қаулысына 9 қосымша |
"Абай облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақсуат ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Тана мырза орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Есім ауылында тұратын балаларды тасымалдау схемасы.