Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ "Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 23/7-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 396-18 болып тіркелді

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының "Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25141 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға оқу жылына ай сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Нұрсұлтанұлы
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады