Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |
Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIII шешіміне 1 қосымша |
Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллинон бес жүз мың ) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллинон бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIII шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№ | Атауы |
1 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
2 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
3 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
4 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
5 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
6 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар |
7 | Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер |
8 | Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады. |
9 | Қандастар |
10 | Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар |
11 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалармен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
12 | Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары |
13 | Толық емес отбасылар |
Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIII шешіміне 3 қосымша |
Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/413-VІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 болып тіркелген);
2. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/413-VІ "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 4/26-VІІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8552 болып тіркелген);
3. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/413-VІ "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 17/319-VІІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29931 болып тіркелген).