Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIII "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 наурыздағы № 23/424-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 сәуірде № 437-18 болып тіркелді

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIIІ (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 349-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

  Аягөз аудандық мәслихатының
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 23/424-VIII шешіміне
қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Атауы

1

Ұлы Отан соғысының ардагерлері

2

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

3

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері

4

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

5

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

6

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар

7

Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер

8

Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады.

9

Қандастар

10

Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар

11

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалармен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

12

Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары

13

Толық емес отбасылар

14

Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады