Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қазандағы № 9-133/VII "Үржар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 21-409/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 400-18 болып тіркелді

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 18 қазандағы № 9-133/VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24977 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшаның 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады