"Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 358 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 77 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 5191-08 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 358 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2099 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады