Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 39-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4356 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 2 бөлігіне Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты тізбесіне мынандай толықтыру енгізілсін:
5-1. тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы | А. Нуралиев |