Хван Артур Александровичке алтынды барлау үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 172 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хван Артур Александровичке Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қоры жерінен жалпы алаңы 3,98 гектар жер учаскесінде алтынды барлау үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 19 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. Хван Артур Александрович алтынды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және алтынды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Амирханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады