Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы"Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 12-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5133 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".
9 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет келесі санаттарына өтініштері бойынша көрсетіледі:
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 20 (жиырма еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда арнайы комиссияның қорытындысымен, 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде. Әлеуметтік көмекке жүгіну табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап 6 (алты) ай мерзімде жүргізіледі;
қатерлі ісік ауруы бар адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселік) мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 2 (екі еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болған, табысы 3 (үш еселенген) күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, арнайы комиссияның анықтауымен 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне табыстарын есепке алмай, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында санаторийлік-курорттық емделуге арналған шығындардың мөлшерінде, жол шығыны төлемінсіз 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында санаторийлік-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу үшін жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінің 3 (үш еселенген) деңгейінен аспайтын, санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды жол шығыны төлемінсіз ұсынған жағдайда, 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыларына, ең төмен күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, санаторийлік-курорттық емделуге шығындарын өтеу үшін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70% (жетпіс пайызы) мөлшерінде көрсетіледі;
әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 13 тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторийлік-курорттық емделуге алып жүруге байланысты болған шығыстарды растайтын құжаттар қоса беріледі. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей жасалады;
тұрғын үйді газдандыруға әлеуметтік көмек, отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселік) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі барбалалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқамемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі. Әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады;
әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 13 тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.
Әлеуметтік көмек ай сайын келесі санаттарына өтініштері бойынша көрсетіледі:
туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі тұлғаларға, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 (он еселенген) мөлшерінен аспайтын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне байланыс қызметі (абоненттік төлем) мен табиғи газ төлемі шығындарын төлеуге 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Саурыков |