"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Т.Рысқұлов ауданының келесі ауылдық округтерінің елді мекендерінің шекаралары (шектері) қоса беріліп отырған жерге орналастыру жобаларына сәйкес белгіленсін және өзгертілсін:
1) Қорағаты ауылдық округіне қарасты "Қорағаты" жер қорынан жалпы ауданы 1956,1187 гектар жайылымды Қорағаты елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Қорағаты ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 5454,1187 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
2) Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты "Қызылшаруа" жер қорынан жалпы ауданы 1816,0 гектар жайылымды Қызылшаруа елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 4420,0 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
3) Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты "Қарақыстақ" жер қорынан жалпы ауданы 265,0 гектар жайылымды Каменка елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Қарақыстақ ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 3435,3218 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
4) Құлан ауылдық округіне қарасты "Сұлутөр" жер қорынан жалпы ауданы 651,089 гектар жайылымды Құлан елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Құлан ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 2658,0516 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
5) Тереңөзек ауылдық округіне қарасты "Бекболат" жер қорынан жалпы ауданы 157,6979 гектар жайылымды Тереңөзек елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Тереңөзек ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 1534,0279 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
6) Құмарық ауылдық округіне қарасты "Жібек жолы" жер қорынан жалпы ауданы 409,5611 гектар жайылымды Құмарық елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Құмарық ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 2307,4233 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
7) Көгершін ауылдық округіне қарасты "Көгершін" жер қорынан жалпы ауданы 1279,0 гектар жайылымды Көгершін елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Көгершін ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 3803,9005 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
8) Көкдөнен ауылдық округіне қарасты "Ақжол" жер қорынан жалпы ауданы 947,4135 гектар жайылымды Көкдөнен елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Көкдөнен ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 2524,5193 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін;
9) Қайыңды ауылдық округіне қарасты "Қайыңды" жер қорынан жалпы ауданы 1233,0 гектар жайылымды Қайыңды елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Қайыңды ауылдық округі елді мекендерінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 2166,6173 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін.
2. "Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Т. Рысқұлов ауданының уақытша міндетін атқарушы Е. Еспенов |
Мәслихат төрағасы Е. Абуталипов |
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты | |
2024 жылғы 23 қазандағы № 333 мен | |
Т.Рысқұлов аудандық Мәслихат аппараты | |
2024 жылғы 1 қарашадағы № 26-5 | |
бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Т.Рысқұлов ауданының елді мекендерінің Шегарасын (шегін) өзгерту жөніндегі
№ | Атауы | Жалпы ауданы, гектар | Оның ішінде: | ||||||
қосылатын жер көлемі барлығы ауылшаруашылық алқаптары, гектар | Оның ішінде: |
| |||||||
егістік |
|
|
| ||||||
Бар- |
Оның | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Құлан ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 2658,0516 | 651,089 | 651,089 | |||||
2 | Қорағаты ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 5454,1187 | 1956,1187 | 1956,1187 | |||||
3 | Ақбұлақ ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 4420,0 | 1816,0 | 1816,0 | |||||
4 | Қарақыстақ ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 3435,3218 | 265,0 | 265,0 | |||||
5 | Тереңөзек ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 1534,0279 | 157,6979 | 157,6979 | |||||
6 | Құмарық ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 2307,4233 | 409,5611 | 409,5611 | |||||
7 | Көгершін ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 3803,9005 | 1279,0 | 1279,0 | |||||
8 | Көкдөнен ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 2524,5193 | 947,4135 | 947,4135 | |||||
9 | Қайыңды ауылдық округінің жалпы жер көлемі (шегі) | 2166,6173 | 1233,0 | 1233,0 | |||||
Барлығы: | 28303,9804 | 8714,8802 | 8714,8802 |