Ұлытау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 қаңтарда № 87-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы", "Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы", "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі

      Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

      Ұлытау облысы бойынша экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 10 қаңтардағы
№ 02/01
қаулысына қосымша

Ұлытау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындар

№ р/с

Атауы

Орналасқан жері

Ескертпе

1

"Лагуна" жағажайы

Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары: 47°810442"N 67°714979"E

Жеке

2

"Мадагаскар" жағажайы

Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары: 47°799384"N 67°720511"E

Жеке

3

"Дом рыбака" демалыс аймағы

Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары: 47°841757"N 67°738146"E

Жеке

4

"Горняк" демалыс аймағы

Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары: 47°892889"N 67°743365"E

Жеке

5

Байдарка мен каноэде есу сабақтарына арналған есу базасы

Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары: 47°809080"N 67°691972"E

Коммуналдық


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады