Қазақстан Республикасы "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Мырзабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ұлытау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы 20 ақпандағы № 06/01 қаулысына қосымша |
Ұлытау ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KQ-UA-01 | Терісаққан ауылына кіреберіс, 0-44 шақырым | 44 |
2 | KQ-UA-02 | Мибұлақ ауылына кіреберіс, 0-40 шақырым | 40 |
3 | KQ-UA-03 | Егінді ауылына кіреберіс, 0-32 шақырым | 32 |
4 | KQ-UA-04 | Борсеңгір ауылына кіреберіс, 0-20 шақырым | 20 |
5 | KQ-UA-05 | Жыланды ауылына кіреберіс, 0-21,27 шақырым | 21,27 |
6 | KQ-UA-06 | Сарлық ауылына кіреберіс, 0-30 шақырым | 30 |
7 | KQ-UA-07 | Қорғасын ауылына кіреберіс, 0-27 шақырым | 27 |
Жиыны | 214,27 |