"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 144 Қаулыға қосымша |
Жетісу облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жетісу облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі - Ұйымдар) жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының нормаларына сәйкес, Ұйымдар қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу мақсатында әзірленді, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылығын арттыруды қамтиды.
2. Ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
3. Лауазымдық айлықақыға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу Ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде Ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.
4. Ұсынымда жұмыскердің тегі мен лауазымы, үстемеақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.
5. Ұсыным Ұйым басшысы не оны алмастыратын тұлғамен 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
6. Ұйымның басшысы не оны алмастыратын тұлға ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық айлықақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып бас тартады немесе келіседі.
3-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
7. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін жұмыскердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
2) Ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау;
3) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері;
4) мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерге олардың орындалған көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін;
5) жұмыскерді ақиқатты жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы Ұйымда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы.