Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшіш жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 05 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109347 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауданының әкімі | У. Досымбеков |