Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 09- 80 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 16-138 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 10 маусымда № 222-19 болып тіркелді

      Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 09-80 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190060 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;"

      7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде "5 (бес)" саны "7 (жеті)" санына өзгертілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы К. Бекиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады