"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 33/08 "Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген);
2) Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 26/01 "Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 33/08 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 болып тіркелген).
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі | М. Кожухов |
Қарағанды қалалық
сайлау комиссиясы
"КЕЛIСIЛДI"
Қарағанды қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 32/01 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Аудан атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға үшін орындар |
1. | Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан) | Сәкен Сейфуллин көшесіндегі Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ақпараттық тақтасы, "Монша" аялдамасы |
2. | Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан) | Степной-3 ықшамауданы, "Турист" дүкенi аялдамасы жанындағы ақпараттық тақта |
3. | Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан) | Бұқар жырау даңғылындағы Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Кеншілер мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық тақта |
4. | Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан) | Бұқар жырау даңғылындағы Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын алдындағы ақпараттық тақта |
5. | Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан) | Құрылысшылар даңғылы, 22 бойынша "Емхана" аялдамасындағы ақпараттық тақта |
6. | Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан) | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы "Қарағанды мемлекеттік Халықтар Достығы ордені Қ.С. Станиславский атындағы орыс драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын алдындағы ақпараттық тақта |
7 | Қарағанды (Әлихан Бөкейхан ауданы) | "Sary Arka Cinema 3D" кинотеатрының жанындағы ақпараттық тақта, 15 шағын аудан, 27а |
8 | Қарағанды (Әлихан Бөкейхан ауданы) | "Ұмай" сауда орталығының алдындағы ақпараттық тақта, Карл Маркс көшесі |
9 | Қарағанды (Әлихан Бөкейхан ауданы) | "Автостанция" аялдамасындағы ақпараттық тақта, 21 ықшамаудан |
10 | Қарағанды (Әлихан Бөкейхан ауданы) | "Автостанция" аялдамасындағы ақпараттық тақта, 23 ықшамаудан |
11 | Қарағанды (Әлихан Бөкейхан ауданы) | Мануильский көшесі, 6 жол бойындағы ақпараттық тақта |