Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6491-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі табысына қарамастан бір рет беріледі. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері бір реттік – 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш. Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде әлеуметтік көмек оқиға басталған кезден бастап алты ай ішінде көрсетіледі;";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Біржолғы әлеуметтік көмек:
1) жеке тұрғын үйлерде, Қарағанды қаласында газдандыруға жататын көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері болып табылатын, немесе меншік иесінің отбасы мүшелері, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және өтініш берген тоқсанның алдындағы үш күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кездежасына байланысты зейнеткерлерге, мүгедек адамдарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы аналар мен көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншыларына немесе қамқоршыларына тұрғын үйді, көп қабатты тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек жүргізіледі.Тұрғын үй иелері болып табылатын жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға табысы есепке алынбай көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің шарт жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде газ жабдығын жүргізуге және орнатуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
2) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
Әлеуметтік көмектің мөлшері 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш Мемлекеттік корпорациясы филиалы жылына бір рет қазан айында жылыту маусымында ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, кірістер есепке алынбай көрсетіледі;
3) отын сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеуге арналған біржолғы материалдық көмек пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын меншiк иелерi не меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi болып табылатын, өздерінде және отбасы мүшелерiнде басқа тұрғын үй болмаған жағдайда және өтiнiш берген тоқсанның алдындағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3 (үш) мөлшерiнен аспайтын жағдайда жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі. Жалғыз тұратын зейнеткерлер мен тұрғын үй иелері болып табылатын мүгедектігі бар адамдарға табысы есепке алынбай біржолғы көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің отын сатып алуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ жылыту маусымында 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Букенов |