Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 ақпанда № 6562-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 23/01 қаулысы "Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5380) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Абай аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Абай ауданының әкімдігінің
2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 09/01
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Абай қаласы

Жеңіс даңғылындағы 1а үйдің жанындағы қалқан және Гете көшесіндегі 26 үйдің жанындағы қалқан

2.

Абай қаласының Вольный бөлімшесі

Труд көшесіндегі 34 үйдің жанындағы қалқан

3.

Абай қаласының Қараған бөлімшесі

Нуринская көшесіндегі 8 үйдің жанындағы қалқан

4.

Абай қаласының Қызыл бөлімшесі

Молин көшесіндегі 37 үйдің жанындағы қалқан

5.

Ақбастау ауылдық округі

Орталық көшесіндегі 1 үйдің жанындағы қалқан

6.

Есенгелді ауылдық округі

Орталық көшесіндегі 20 үйдің жанындағы қалқан

7.

Дубовка ауылдық округі

Абай көшесіндегі аялдаманың жанында

8.

Қарабас кенті

Киров көшесіндегі 16 үй үйдің жанындағы қалқан

9.

Қарағанды ауылдық округі

Қонаев көшесіндегі алаңындағы тумбасы

10.

Көксу ауылдық округі

Орталық көшесіндегі 19 үйдің жанындағы қалқан

11.

Құлаайғыр ауылдық округі

Шерубай батыр көшесіндегі 1а үйдің жанындағы қалқан

12.

Құрма ауылдық округі

Сарыарқа және Абай көшелерінің қиылысында

13.

Мичурин ауылдық округі

Орталық көшесіндегі 3 үйдің жанындағы қалқан

14.

Сәрепті ауылы

Еңбекшілер көшесіндегі 10/1 үйдің жанындағы қалқан

15.

Самарка ауылдық округі

Орталық көшесіндегі 14а үйдің жанындағы қалқан

16.

Топар кенті

Пономарев көшесіндегі 13 үйдің жанындағы қалқан

17.

Южный кенті

Панфилов көшесіндегі 11 үйдің жанындағы қалқан

18.

Юбилейный ауылы

Мичурин көшесіндегі 12 үйдің жанындағы қалқан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады