Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызыметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәурдегі №156 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6322 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындалған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қарқаралы ауданының әкімі | Ә. Арғынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарқаралы аудандық
мәслихаты
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 303 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызыметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1.Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1. | Аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі |
2. | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант |
3. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
4. | Арнаулы әлеуметтік қызметкерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
2.Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі |
2. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшы) |
3. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК кітапхана меңгерушісі (басшы) |
4. | Ұжым (үйірме) басшысы |
5. | Әкімші (негізгі қызыметтер) |
6. | Аккомпаниатор |
7. | Музейлер қорын есепке алу архивисті |
8. | Библиограф |
9. | Кітапханашы |
10. | Концертмейстер |
11. | Дыбыс режиссері |
12. | Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) |
13. | Барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) |
14. | Музыкалық жетекші |
15. | Редактор (негізгі қызметтер) |
16. | Режиссер |
17. | Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) |
18. | Хореограф |
19. | Жарық аппаратурасы, бейнежазба, дыбыс жазбасы операторы |
20. | Іс жүргізуші |
3.Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
3. | Жаттықтырушы-оқытушы |
4. | (Мамандырылған) медициналық бике |
5. | (Мамандырылған) медициналық аға |
6. | Әдіскер |
7. | Бухгалтер |
8. | Экономист |
9. | Заңгер |
10. | Нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа) |
11. | ММ және МҚК шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын (бюро,гараж, іс-жүргізуші, сақтау камерасы, кеңсе, қазандық, кір жуатын орын, қойма, шаруашылық) құрылымдық бөлімшенің басшысы |
12. | Зертханашы |
13. | Инженер |
14. | Іс жүргізуші |
Аббревиатураны ажырату:
ММ-мемлекеттік мекеме;
МҚК- мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.