Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Байланыс туралы" Заңдарына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет аудандық мәслихатының төрағасы | С. Социал |
Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешіміне 1 қосымша |
Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
1. Осы Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Байланыс туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен, Шет ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң 7 (жеті) пайыз ретiнде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
4. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2-қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидалардың Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден Қағидалардың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
7. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жолданады.
8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
9. Тұрғын үй көмегі мынадай нормалар бойынша ұсынылады:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй беру нормасына баламалы (18 шаршы метр), көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;
2) бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері:
газ тұтыну нормасы:
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектерді, анықтамаларды, чектерді), баллон газын нақты шығындар бойынша (баллонды) тұтыну, бірақ айына 10 килограмнан аспауы тиіс;
қатты отын тұтыну нормасы:
қызмет көрсетушілердің шоттарын (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот - фактуралар) көрсете отырып, нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану, бірақ алаңның 1 шаршы метрін жылытуға (жылыту маусымына есептегенде - 7 ай) 161 килограмм көмірден артық емес;
Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша Шет ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
электрэнергиясын тұтыну:
газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт;
3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) басқару үлгісіне тәуелсіз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді;
4) тұрғын үй көмегін алушылар үшін кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындары алушының жеке меншік көлемінің кондоминиум объектісінің жалпы көлеміне арақатынас жолымен анықталады;
5) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшері Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін көрсетілетін қызметті беруші есептейді.
11. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу тәртібі Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.
12. Тұрғын үй көмегін ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Шет ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
13. Тұрғын үй көмегі ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шотына аудару жолымен көрсетіледі.
Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешіміне 2 қосымша |
Шет аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-17-133 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 тамыздағы №6/61 "Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуiрдегi №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1933 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 сәуірдегі №12/115 "Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2315 болып тіркелген).
4. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №23/201 "Аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуiрдегi №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2673 болып тіркелген).
5. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі №2/17 "Аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуiрдегi №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 болып тіркелген).
6. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы №16/128 "Аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуiрдегi №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4424 болып тіркелген).
7. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 шілдедегі №22/197 "Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі II сессиясының "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" №2/22 шешіміне толықтырулар және өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4893 болып тіркелген).
8. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы №37/340 "Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі II сессиясының "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" №2/22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 болып тіркелген).
9. Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 ақпандағы №2/20 "Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі II сессиясының "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" №2/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6240 болып тіркелген).