Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 сәуірдегі N 12/115 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 сәуірде N 2315 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы N 21 (10.382) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 тамыздағы N 6/61 "Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуiрдегi N 2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1933 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 қыркүйектегі N 38 (10.399) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнің (бұдан әрі - Ереже) 2 және 3-тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;

      жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі Шет ауданында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметіне, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданы нормасының шегінде, бірақ нақты пайдаланатын жалпы ауданнан, және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну, байланыс қызметтері, сондай-ақ тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге шығындар нормативтерінен көп емес, осы мақсаттарға шекті-жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.

      Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      2) Ереженің 10-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифтерінің өсуі бөлігінде байланыс қызметінің, жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының шығындарына нақты есептелген төлемнен асуы мүмкін емес.";

      3) Ереженің 11 тармағының 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын;

      4) Ереженің 17-тармағы келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қолданылатын түбіртек-шот;";

      5) Ереженің 21-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".

      2. Осы шешім, 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын, жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету бөлігінде Ереженің 2-тармағының бесінші абзацын, 3-тармағын, 10-тармағын, 17-тармағының 4-1) тармақшасын, 21-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

Н. Шоқпаров

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Ә. Смағұлұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады