Шет ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 64/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 қазанда № 6661-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 28/02 "Шет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3409 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Мухтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады