Арал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 189 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 сәуірде № 8507-11 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Арал ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 ақпандағы № 289 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 болып тіркелген);

      2) ""Арал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 ақпандағы № 289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №164 шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады