Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 43/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат төрағасы | А. Жандарбеков |