Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | К. Кульджанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 20 мамырдағы | |
№ 78 қаулысына қосымша |
2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, (мың теңге) |
1 | Балық азықтарын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | |||
1.1 | бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 27 369 | 7 800,0 |
1.2 | жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 23 809 | 5 000,0 | |
1.3 | тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азықтары үшін) | 20 000 | 2 100,0 | |
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндірістің азықтары үшін) | 10 000 | |||
1.4 | цихлид және олардың будандары | 10 000 | 2 100,0 | |
Барлығы: | 17 000,0 | |||
2 | Балық өсіру материалын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | |||
2.1 | бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары, шабақ (10 граммға дейін) | дана | 20 000 | 5000,0 |
2.2 | жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары, шабақ (0,5-5 грамм) | 60 000 | 300,0 | |
2.3 | тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары, шабақ (30 граммға дейін) | 100 000 | 1 500,0 | |
2.4 | цихлид және олардың будандары, шабақ (0,5-5 грамм) | 30 000 | 450,0 | |
Барлығы: | 7 250,0 | |||
3 | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | дана | 2 | 1 000,0 |
Барлығы: | 1 000,0 | |||
4 | Дәрілік препараттарды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | тонна | 10 | 50,0 |
Барлығы: | 50,0 | |||
5 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстауды сатып алу үшiн шығыстарын өтеуге субсидиялар | |||
5.1 | бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | дарақ | 33 | 1000,0 |
5.2 | жайын тұқымдас балықтар | 100 | 1000,0 | |
5.3 | цихлид | 50 | 500,0 | |
5.4 | тұқы тұқымдас балықтар | 100 | 1000,0 | |
Барлығы: | 3 500,0 | |||
Жиынтығы: | 28 800,0 |