Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 16/172 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 4748-12 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабының 5)-тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық
  мәслихатының
  2024 жылғы 28 қарашадағы
  № 16/172
  шешіміне қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары (теңге)

1

2

3

4

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

66,46

2

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

306,91

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

86,41

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

83,43

5

Су көлігі

1000 текше метр

45,34


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады