Ақтау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№240 сайлау учаскеcі жаңа редакцияда жазылсын:
"№240 сайлау учаскесі
Ақтау қаласы, 32а-шағын аудан, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: 32а-шағын ауданының № 1, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 үйлері, 32б-шағын ауданының № 2, 3 үйлері.";
№248 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№248 сайлау учаскесі
Ақтау қаласы, 32а-шағын аудан, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: 32а-шағын ауданының № 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 30 үйлері.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | А. Байпаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы