Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 3 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 4670-12 болып тіркелді

      Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      қазақ тіліндегі № 146 сайлау учаскеcі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "146 сайлау учаскеcі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-45.

      Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3 "А", 4, 5, 9, 14 шағын аудандарының барлық үйлері, Карьер, Барлаушылар Массиві көшелерінің барлық үйлері.";

      орыс тіліндегі № 147 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      қазақ тіліндегі № 151 және № 152 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "№ 151 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-7-51.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 1-36 үйлері, Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 1-199 үйлері.

      № 152 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Астана, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 200-368 үйлері.";

      № 153 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-61.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Мұнайшы-1, М.Өскінбаев, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері, Т.Аубәкіров шағын ауданының № 92-257 үйлері.";

      қазақ тіліндегі № 154 және № 155 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "№ 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жетібай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-30.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Жанақұрылыс шағын ауданының № 37-186, 217-255 үйлері, Ұлутас шағын ауданының барлық үйлері.

      № 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы шағын аудандарының барлық үйлері, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 187-216 үйлері, Т.Аубәкіров шағын ауданының № 1-91 үйлері, Шұқырой, Шынжыр, Асар, Қонай-қора шаруа қожалықтары.";

      № 162 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 162 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-88.

      Шекарасы: Құрық ауылының 3, 10, 13 шағын аудандарының барлық үйлері, Сәтпаев көшесінің № 13-29, 29-2, 31, 31-2, 33, 33-2, 35, 37, 39, 41, 43 үйлері, М.Маметова көшесінің № 15-43-а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 16-44 үйлері, Ш.Уалиханов көшесінің № 15-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 11, 13, 15-28 үйлері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі С. Төретаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады