Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 86 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 наурызда № 10157-10 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларың бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 4 наурыздағы
  № 86 қаулысына
  қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі

Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі, мың теңге

1

Жергілікті бюджет

1 994 018,0

Жиыны

1 994 018,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады