Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 770 "Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 2341 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 қаңтарда № 10350-10 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің "Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы" 2024 жылғы 14 мамырдағы № 770 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10212-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жундубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады