Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25500 болып тіркелген) "Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Лисаков қаласында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізіледі.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға Шығындарды өтеу қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын тұлға | А. Кан |