"Лисаков қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 503 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 549 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 10349-10 болып тіркелді

      Лисаков қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Лисаков қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 503 қаулысына" Лисаков қаласы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10314-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады