"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мусапирова |
Мәслихаттың | |
2024 жылғы 12 сәуірдегі | |
№ 72 шешіміне | |
1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – ауданның әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
11) шекті мөлшер - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 22.10.2024 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 26.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндер мен атаулы күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 26 сәуір - Чернобыль апатын Халықаралық еске алудың күні;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 22.10.2024 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 26.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
5. Мереке және атаулы күндерге арналған әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына табыстары есепке алынбай бір рет көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс кезінде әскери борышын өтеу кезінде бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2) 26 сәуір - Чернобыль апатын Халықаралық еске алу күні;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедектігі анықталған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсеріне байланысты болған азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні:
1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңінде Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
ардагерлерге және Заңның 6, 7, 8 - баптарында көрсетілген басқа тұлғаларға:
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және Мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары Халық комиссариатының, Байланыс Халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi Халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар болған әскери қызметшiлерге - 100 000 (жүз мың) теңге;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтарға - 60000 (алпыс мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашисттер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектігі бар адамдарға - 60000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 30000 (отыз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамның, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 30 000 (отыз мың) теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы сырқаттану, еңбек жарақаты және басқа да себептер (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайта некеге тұрмаған азаматтың жұбайына (зайыбына) - 30 000 (отыз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 30000 (отыз мың) теңге;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні - 29 тамыз:
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға және олардың мүгедектігі ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуіне генетикалық байланысты балаларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған немесе мүгедектігі бар қайтыс болған адамдардың отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Осы Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 5,6,7,8-баптарында көрсетілген адамдардың басқа санаттарына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 22.10.2024 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 26.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын ай сайын есепке алмай, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ардагерлерге және заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа адамдарға тұрмыстық қажеттіліктерге ай сайын кірістер есепке алынбай, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына және басқа да заңды өкілдеріне табыстарын есепке алмай, ай сайын екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
4) туберкулез ауруымен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кірістер есепке алынбай;
5) мүгедектігі бар адамдарға, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, тоқсан сайын, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
6) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алғаш рет сатып алатын адамдарға оқу жылы ішінде екі бөліммен аударылатын Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін жартыжылдықта 1 рет, адамдарды қоспағанда, 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде білім беру гранттарының иегерлері, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын:
өтініш беру алдындағы соңғы он екі айдағы жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардан шыққан жастар Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен, күндізгі оқу нысанынан төмен;
халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын жастардың табыстарын, күндізгі оқу нысанын есепке алмағанда;
мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар барлық санаттағы мүгедек адамдарға табыстарын есепке алмағанда.
7) мүгедектігі бар адамдарға, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
8) мүгедектігі бар адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығыстарды кірістерді есепке алмағанда, біржолғы, нақты шығындар мөлшерінде, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өтеу үшін;
9) мүгедектігі бар адамдарға, олардың санаторийлерге жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
10) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, бір рет, 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға, табыстарын есепке алмай, бір рет, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, бір рет, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдарға қайтыс болған туыстарын, жұбайларын карьерлік орталықта жұмыссыз ретінде қайтыс болған күніне тіркелген жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
14) мүгедектiгі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамдардың және оларды шипажайлық-курорттық емдеуге алып жүретін адамдардың шығындарын өтеу әлеуметтiк қызмет көрсету порталы арқылы санаторийлік-курорттық емдеудi жүзеге асыратын ұйымдарда, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға сату кезінде санаторийлік-курорттық емдеу құнының өтемақысы ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан аспайтын, табыстарын есепке алмай бiрақ бір алып жүретін адамнан аспайтын адаммен, жылына 1 рет емдеу шараларын қоспағанда, тұруға және тамақтануға нақты шығындар мөлшерінде;
15) Заңның 5, 6 - баптарында, 7-бабының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ардагерлерге және өзге де адамдарға, Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жылына 1 рет, табыстарын есепке алмай, жолдаманың нақты құнын өтеуге, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға оларды сату кезінде санаторийлік-курорттық емделудің құнына өтемақы ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сомадан аспайтын мөлшерде.
"Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы №510 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) шешімімен белгіленген санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеу жазбаша түрде заттай нысаннан бас тартқан жағдайда ұсынылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 22.10.2024 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 26.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
2) ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы табылады;
4) қартаюға байланысты өзіне-өзі қызмет ете алмау;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінде есепте болу.
8. Қостанай облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табыс шегі бір реттік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде белгіленсін.
9. Оқу ақысына әлеуметтік көмек бір білім алуға көрсетіледі.
10. Әлеуметтік көмек осы қағидалардың 7-тармағының 1), 5) тармақшаларында көрсетілген негізде көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
11. Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 22.10.2024 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 26.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға, ауыл, ауылдық округі әкіміне үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер. Табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Осы қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар, бірінші рет өтініш білдіргендер, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Осы қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы немесе заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады.
Осы қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады.
Осы қағидалардың 6-тармағының 5), 9) тармақшасында көрсетілген адамдар тұру фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар білім алғанын, оның құнын растайтын құжаттарды және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ұсынады.
Осы қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық немесе тауар чегін ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар емделуді немесе медициналық зерттеп-қарауды тағайындауды және (немесе) өтуді және емделуге және (немесе) медициналық зерттеп-қарауға ақы төлеуді растайтын құжаттарды ұсынады;
Осы қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтерді, қайтыс болу фактісін, сондай-ақ қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген адамдар санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлегенін растайтын құжатты, бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамға және оны алып жүретін адамға шипажайлық-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады;
Осы Қағидалардың 6-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторийлік-курорттық емделу ақысын төленгенін растайтын құжаттарды, шипажайлық-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.".
Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 22.10.2024 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 26.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).14. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш үлгілік қағидаларға 8 тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша келіп түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган ауыл, ауылдық округі әкімі, 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға, ауыл, ауылдық округі әкіміне жібереді.
Ауыл әкімі, ауылдық округі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган ауыл, ауылдық округ әкімінің және учаскелік комиссиясынан құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының есебін жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті тәртіппен қайтарылуға жатады, заңсыз алынған сомалар ерікті немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Мәслихаттың | |
2024 жылғы 12 сәуірдегі | |
№ 72 шешіміне | |
2-қосымша |
Күші жойылған кейбір шешімдердің тізбесі
1) Мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 341 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9824 болып тіркелген) шешімі;
2) Мәслихатының "Мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 341 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 24 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9892 болып тіркелген) шешімі;
3) Мәслихатының "Алтынсарин ауданының мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 341 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27848 болып тіркелген) шешімі;
4) Мәслихатының "Алтынсарин ауданының мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 341 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 27 қазандағы № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30385 болып тіркелген) шешімі;
5) Мәслихатының "Мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 341 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9985 болып тіркелген) шешімі.