Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы "Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың өкілдік шығындарына көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" № 192/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 болып тіркелген).
2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. К. Жамбайбекке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |