Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезекті отырысының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 4 хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 5 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Екібастұз қаласы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27430 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |