Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Успен ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Бараисов |
Успен аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 114/22 шешіміне қосымша |
Успен ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде Успен ауданының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайды тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылар (азаматтар) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіту кезінде коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметтерді қолдану нормаларына тең.
7. Электр энергиясын жіберу (тұтыну) нормасы айына 1 адамға табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган белгіленген төменгі жіберілген норманың тарифіне тең.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына мынадай құжаттар тізбесімен жүгінеді:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалғанда тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына:
аз қамтылған отбасының (азаматтың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шотының электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган ұсынған жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
10. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзіміне тағайындалады.
11. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісі уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" айқындалған тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
12. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
14. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған кезде өтініш беруші мен оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындалған бүкіл кезеңіне тоқтатылады.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шығымдану тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.