Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Алматы қаласы Спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/76 қаулыға келесі толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
17 тармақ келесі мазмұндағы 30-1), 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"30-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
30-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
30-3) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.";
2) "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/78 қаулыға келесі өзгеріс пен толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
"22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
23) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.";
24) Алматы қаласы дизайн-кодының талаптарын сақтауға маңдайшалардың, ғимараттар қасбеттерінің, қалалық ортаны жарықтандырудың, навигация жүйелерінің, көше жиһаздарының, қоршаулардың мониторингін жүзеге асыру.";
17 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгінуге;";
3) "Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/79 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
"31) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.";
4) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулыға келесі өзгеріс мен толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"7) магистральдық жолдардың авариялық-қауіпті орындары мен учаскелерін жою жөніндегі іс-шараларды орындау арқылы қолданыстағы жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жақсартуды қамтамасыз ету;";
16 тармақ келесі мазмұндағы 78) және 79) тармақшалармен толықтырылсын:
"78) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
79) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.";
Қалалық мобилділік басқармасы қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 3 жолмен толықтырылсын:
"3. Қалалық мобилділік басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы паркинг" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.";
5) "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/88 қаулыға келесі толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 27-1), 27-2) және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау;
27-2) өтініштерді талдау және өтініш беруші көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
27-3) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.";
6) "Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 3/548 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.";
7) "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/238 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
15 тармақ келесі мазмұндағы 66) тармақшамен толықтырылсын:
"66) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.";
8) "Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/240 қаулыға келесі толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
12 тармақ келесі мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
12-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";
9) "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/241 қаулыға келесі толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
13 тармақ келесі мазмұндағы 18-1), 18-2) және 18-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
18-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
18-3) Алматы қаласы әкімдігінің салалық бөлімшелерінің әлеуметтік объектілерді реконструкциялау, салу және сейсмикалық күшейту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қатысуын қамтамасыз ету;";
10) "Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/242 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";
11) "Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/243 қаулыға келесі толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
5-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";
12) "Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/244 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
"63-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";
13) "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/245 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
2-2) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу;";
14) "Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/246 қаулыға келесі толықтырулар:
1 қосымша:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
"51) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.";
2 қосымша:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Экономика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 15-18) және 15-19) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
15-19) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";
15) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/247 қаулыға келесі өзгерістер мен толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
12 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) кәсіпкерлік инфрақұрылымын (Индустриялық аймақты, "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі – "ИТП" АЭА) дамыту);";
12 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
5) экономика салаларын әртараптандыру және нарық сыйымдылығын, оның ішінде креативті индустрияларды дамыту есебінен арттыру;";
12 тармақтың 8) және 9) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"8) арт-орталықтар, концерттік алаңдар және көп бейінді мәдени орталықтар форматында шығармашылық кеңістіктер құру;
9) "инвент-брендтерді", креативті индустриялар өнімдері мен іс-шараларды өткізу және ілгерілету арқылы қаланың тартымдылығын арттыру, әлемдік кеңістікке интеграциялау;";
14 тармақтың 6) және 7) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"6) Алматы қаласының аумағында инвестициялық жобалардың уақтылы іске қосылуын бақылауды жүзеге асыру;
7) уәкілетті органның Индустрияландырудың бірыңғай картасына одан әрі қосу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;";
14 тармақ келесі мазмұндағы 56-1) және 56-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"56-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
56-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";
18 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
16) "Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/249 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
"41-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";
17) "Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 24 тамыздағы №3/414 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
"26-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;".
2.Алматы қаласы Спорт, қалалық жоспарлау және урбанистика, жер қатынастары, қалалық мобилділік, мәдениет, цифрландыру, қоғамдық денсаулық сақтау, энергетика және сумен жабдықтау, құрылыс, жастар саясаты, қоғамдық даму, экология және қоршаған орта, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, қаржы, экономика, кәсіпкерлік және инвестициялар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қала құрылысын бақылау басқармалары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Алматы қаласының әділет органдарына олардың Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлауды;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |