Алматы қаласының көшелерін қайта атау және атау беру туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 2/332 бірлескен қаулысы және VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 117 шешiмi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2024 жылғы 13 мамырдағы және Республикалық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы қорытындыларының негізінде, халық пікірін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Келесі көшелерге қайта атау берілсін:

      Бостандық ауданы Юрий Гагарин даңғылының К. Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы;

      Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников көшесі;

      2. Келесі көшелерге атау берілсін:

      Түрксіб ауданы "Жас қанат" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге Ескендір Хасанғалиев көшесі;

      Бостандық ауданындағы атауы жоқ көшеге Юрий Померанцев көшесі.

      3. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев
      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады