"Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы мәслихатының XXII сессиясының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 144 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қыркүйекте № 1786-02 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1622 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы:

      2-тармақта:

      реттік нөмірі 2.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.2.

"Сары Арқа" кинотеатрының артындағы гүлзар

Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 20 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу) бар.

1 000 адамнан артық емес

      ";

      реттік нөмірі 3.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.3.

Амангелді Иманов атындағы саябақ

Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 20 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу) бар.

500 адамнан артық емес

      ";

      реттік нөмірі 4.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.4.

Юрий Гагарин даңғылынан бастап Жамбыл Жабаев көшесінің бойымен Сәбит Мұқанов көшесіне дейін

Аумақта:
- көше бойында жарықтандыру;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары бар.

1 000 адамнан артық емес

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады