Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1738 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыруда:
келесідей мазмұндағы реттік нөмірлері 30 және 31 жолдарымен толықтырылсын:
"
30. | "Lugat" жеке кәсіпкері | Алматы қаласы, Алатау ауданы, Самғау шағын ауданы, Ырысты көшесі, 46/2а мекенжайында орналасқан "Строй Сити Бақорда" сауда орталығының №26 бутигі |
31. | "Иманбетов" жеке кәсіпкері | Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 7 мекенжайында орналасқан "Байсат" сауда орталығының 14 қатары, №10 бутигі |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |