ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1539 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы №426, 450, 454 сайлау учаскелері орталықтарының атаулары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысының м.а. Ж.Е. Әбдікерімоваға жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Б. АКЖАРОВ |
2024 жылғы 19 тамыздағы № 2 шешіміне қосымша |
№ 426 сайлау учаскесі (Орталығы: "Халықаралық Алматы әуежайы" акционерлік қоғамының Мәдениет үйі, Майлина көшесі, 42);
№ 450 сайлау учаскесі (Орталығы: "№59 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сауранбаева көшесі, 12);
№ 454 сайлау учаскесі (Орталығы: "Жалпы білім беретін №76 мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Чехов көшесі, 15а);