"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 1647 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 сәуірде № 7746-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №1647 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3426 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібінде:

      4-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) соңғы жыл ішінде еңбек тәртiбiн және "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзбаған" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелді).

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Балаларды тасымалдау үшін бөлінетін автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету көлемдері мен мерзімдері, жабдықтары, "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беруге тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелді).

      Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 25-қосымшаның 1-тармағына сәйкес келеді, сонымен қатар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелді):

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" төртбұрышты айыратын белгiлермен;

      2) сары түстi жылтыр шағын шамшырағымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын және оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелді) бекітілген автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек (автомобильді) дәрі қобдишасымен:

      5) жылжуға қарсы екі тiрекпен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен жабдықталады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының әкімі
С. Мухамедиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады