Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 19 қазандағы № 6-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедек бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2024 жылғы 26 шiлдедегi № 18-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 шiлдеде № 7778-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедек бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 19 қазандағы № 6-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24984 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшасының 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы Е. Жакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады