Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 234 және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 3-36-7 "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың және аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен Айыртау ауданында кездесулері үшін жайларды анықтау туралы" бірлескен қаулысының және шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-18 бірлескен шешімі және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 515 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 қаңтарда № 7847-15 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың және аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен Айыртау ауданында кездесулері үшін жайларды анықтау туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 234 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 3-36-7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-52 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі М. Мендыбаев
      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г. Абулкаирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады