Кейбір бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі қаулыларының және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 269 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы № 21-27 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 қазанда № 7806-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      бірлескен "№ 4 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудан мәслихатына депутаттыққа кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орындар белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 47 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2008 жылғы 19 наурыздағы № 5-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-58 болып тіркелді);

      бірлескен "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне, партиялық тізім бойынша сайланатын, депутаттар сайлау жөнінде саяси партиялардың, облыстық және аудандық мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орындар белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 127 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 37-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-42 болып тіркелген).

      2. Осы бірлескен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысы мен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысы және Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның әкімі
Р. Анбаев
      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының төрағасы
С. Баумаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады