"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі" ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 31.10.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
аппарат басшысы | Е. Мустафин |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы 20 маусымдағы | |
№ 182 қаулысына қосымша |