Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2024 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 134/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 ақпанда № 7680-15 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2024 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы
С. Бекшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады